Министр Каспий құбыр консорциумының қашан толық іске қосылатынын айтты

0
446

Бүгінгі таңда нысандағы үш қондырғының біреуі ғана жұмыс істеп тұр.


Министр Каспий құбыр консорциумының қашан толық іске қосылатынын айтты

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Үкімет отырысында Каспий құбыр консорциумының қашан толықтай іске қосылатыны туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство басшысы бүгінгі таңда нысандағы үш бірдей қашықтықтан байлау қондырғысының біреуі ғана жұмыс істейтінін атап өтті.

«Қашағанда жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, Каспий құбыр консорциумының бір ғана қашықтан арқандап байлау қондырғысының жұмысы қазіргі көлемдер үшін жеткілікті. Каспий құбыр консорциумы қазан айында толық іске қосылады деп күтіп отырмыз», - деді Болат Ақшолақов.

Айта кетсек, қаңтар-қыркүйек айларында мұнай және конденсат өндіру көлемі 61,9 млн тоннаны немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құраған.

9 айда еліміздің мұнай экспорты 46,8 млн тонна мұнайды немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96%-ды құрады.