Министр қазақстандықтарға 60 млн теңге қайтарылатынын айтты

0
533

​Сот тоқтатылған әуе рейстеріндегі билеттер үшін ақшаны қайтару бойынша талаптарды толықтай қанағаттандырды.


Министр қазақстандықтарға 60 млн теңге қайтарылатынын айтты

ERNUR.KZ. Сот Bek Air әуе компаниясын жолаушыларға сатып алған билет үшін 60 миллион теңге қайтаруды міндеттеді. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Bek Air әуе компаниясына қатысты министрлік талабы негізінде тоқтатылған рейс билеттерінің құнын қайтару бойынша бірқатар сот талқылауы жүргізілді. Сот талап-арыздарды толықтай қанағаттандырды. 60 миллион теңгеге билет сатып алған 990 тұтынушыға ақшасы қайтарылады", - деді Сұлтанов.


Сонымен қатар министрлік қазақстандықтарға тоқтатылған туристік сапарлардың ақшасын қайтаруға көмектеседі. Сауда министрлігі азаматтардың өтініші негізінде үш арыз-талап ұйымдастырды.


"Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті өтініштер бойынша жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы олардың саны 8 мыңға жетіп, барлығы өңделді. Бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш те осындай болды. Оның ішінде тоқтатылға нәуе рейстері бойынша көп арыз түсті. Пандемия кезінде бұл мәселе ушығып кетті",- деп түсіндірді Сұлтанов.


Алматы маңындағы ұшақ апаты

Bek Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында ұшып көтерілгеннен кейін бірден Алматы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бетон қоршауына соғылып, екіге бөлінді.

Апат салдарынан 12 адам көз жұмды, оның ішінде экипаж командирі бар. Кейін ауруханадан шығарылған соң екінші ұшқыш та көз жұмды. Ұшақ бортында барлығы 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пайдаланушы сертификаты мен Bek Air әуе компаниясының ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылуын тоқтатты. Себебі кейінгі үш жылда әуе компанияда екі ірі апат болды.