Министр кімдер жер салығынан босатылатынын айтты

0
564

Руслан Дәленов арнайы салық режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер биылдан бастап салық төлемейтінін еске салды.


Министр кімдер жер салығынан босатылатынын айтты

ERNUR.KZ. Бизнесті қолдау мақсатында 7 мың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіні жер салығынан босату көзделіп отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Шамамен 7 мың ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салықты төлеуден босатылады. Сонымен қатар, мүйізді ірі қара малды, асыл тұқымды балапандарды қамтитын биологиялық активтердің импортына салынатын қосылған құн салығынан босату болжанған", деді Дәленов үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді де табыс салығынан босату ұсынылып отыр.
Министр арнайы салық режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер биылдан бастап салық төлемейтінін еске салды.
"Жалпыға бірдей белгіленген режимді пайдаланатын кәсіпкерлерді де қолдауға болады деп санаймыз", - деді ол.
Айта кетсек, үкімет президенттің бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін жеті негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасын әзірлеп жатыр.
Олар – қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексеруді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету.