Министр көліктегі полиция департаментінің басшысын тағайындады

0
1 100

О. Бекиев 1975 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді.


Министр көліктегі полиция департаментінің басшысын тағайындады

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Көліктегі полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Бекиев Оңал Ботайұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің жаңа бастығын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

О. Бекиев 1975 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді.

Ішкі істер органдарында орта және аға басшы құрамның әр түрлі лауазымдарында қызмет атқарған.

ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. Алматы облысы және Көліктегі полиция департаменттері бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.