Министр коронавируспен күреске нақты қанша ақша бөлінгенін айтты

0
578

Коронавируспен күреске ақша үкімет резервінен үш рет бөлінген. Министр бірінші транш 29 қаңтарда жасалған жеткізді.


Министр коронавируспен күреске нақты қанша ақша бөлінгенін айтты

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметінің резервінен коронавируспен күреске үш мәрте ақша бөлінген. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"БАҚ өкілдері коронавируспен күреске бөлінген ақша туралы жиі сұрайды. Тағы да қайталап айтамын, бұл жерде мемлекет басшысы жария еткен дағдарысқа қарсы шаралар туралы сөз болып отырған жоқ. Коронавируспен күреске ақша үкімет резервінен үш рет бөлінді", - деді Абаев онлайн брифингте.
Айтуынша, бірінші транш 29 қаңтарда жасалған. Қаражат сомасы 1 миллиард 609 миллион теңге.
21 ақпанда қосымша 428 миллион 227 мың теңге бөлінді. Ал үшінші рет резервтен 25 наурызда 21 миллиард 430 миллион 635 мың теңге шамасында бағытталды.
Бұл ақша дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, зерттеу жабдықтарын, маска, тест жүйелері мен қорғаныс костюмдерін сатып алуға жұмсалған.
Сонымен қатар Шұғыл медицина ұлттық үйлестіру орталығының азаматтарды эвакуациялауына, азаматтық қызметтің экипировкасына, дезинфекция құралдарын алуға бөлінді.
Бұдан бөлек, коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін бюджетті нақтылауға өтінімдер енгізілген.