Министр мереке алдында азық-түлік бағасының өсуін түсіндірді

0
930

Азық-түліктің қымбаттауын Үкмет жасап жатқан жоқ


Министр мереке алдында азық-түлік бағасының өсуін түсіндірді

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік пен өзге де тауар құнының өсуі мәселесіне пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Инфляция 500-ден астам тауарға қатысты, яғни көкөніспен қатар, өнеркәсіптік тауарлар мен қызметтер қамтылып отыр. Олар бойынша қазір жағдай қалыпты. Атап айтқанда, тарифтерті төмендету бойынша іске асырылып жатқан Президент тапсырмасы тұрғысында инфляция 5-7 пайыз дәлізінде болады деп күтілуде», - деді министр Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол сұраныстың артуы бағаның өсіміне алып келетінін атап өтті.

«Бұл жағдай түсінікті, себебі біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Тауарға сұраныс артқан сайын, баға үнемі жоғарылай береді. Бұл тұрғыда қонақ үйлерде жаз кезінде басқа қалыптасса, қыста баға керсінше төмендейді. Осы жағдайлар нарықтың аясында қалыптасып отыр және оған дайын болу керек», - деді Тимур Сүлейменов.

Министрдің атап өтуінше, азық-түлікті арзан бағамен сату үшін мемлекет тиісті дүкендерді ашпайды.

«Егер де біз нарықтық жағдайда өмір сүргіміз келсе, онда біз оның оңтайлы тұстарымен қатар, бағаның өсуіне қатысты басқа да жақтарын қабылдауымыз керек. Қайталап айтамын, бұны министрлік те, Үкімет те істеп жатқан жоқ. Осы іс-қимылдар нарық субъектілеріне байланысты. Әрине, лимиттерді елемейтіндер байқалса, біз оларды монополияға қарсы реттеу тетіктері арқылы жазаға тартамыз», - деді ведомство басшысы.