Министр оқушы қызға азғындық жасаған мұғалімнің қандай жазаға тартылатынын айтты

0
476

Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында 53 жастағы дене шынықтыру мұғалімі 14 жастағы оқушы қызға опасыздық жасамақ болған деген ақпарат тарады.


Министр оқушы қызға азғындық жасаған мұғалімнің қандай жазаға тартылатынын айтты

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі оқушыға психологиялық қысым көрсеткен мұғалімнің жұмыстан шығарылғанын айтты, деп жазады baq.kz.

Кеше Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында 53 жастағы дене шынықтыру мұғалімі 14 жастағы оқушы қызға опасыздық жасамақ болған деген ақпарат тарады.

Бұл менің ерекше бақылауымда. Мәселені министрлік қолға алды, - деді Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төарайымы Насымжан Оспанова бұл оқиғаны комитеттің бақылауында екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінде оқушыға психологиялық көмек көрсетілді.

Оқиғадан соң педагог бірден жұмыстан шеттетілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. 124-бап бойынша қозғалған істі Ішкі істер министрлігі тіркеуге алды. Оны жұмыстан шығару сот арқылы шешіледі. Біз құқықтық жолмен шешілуін күтіп отырмыз. Сондықтан Ішкі істер министрлінің жұмыс алгоритімі мен соттың шешімін күтеміз, - деді Оспанова.
Бастысы, мұғалім шеттетілді, - деп қосты министр Бейсембаев брифинг барысында.