Министр республикалық бюджетке енгізілген өзгерістермен таныстырды

0
1 024

Бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетке қандай өзгерістер енгізілгенін баяндады.


Министр республикалық бюджетке енгізілген өзгерістермен таныстырды

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетке қандай өзгерістер енгізілгенін баяндады.

"Республикалық бюджет түсімдері 81 млрд теңгеге ұлғайтылып, 8 трлн 759, 7 млрд теңгені құрады. Бұл негізінен мұнай бағасы мен өндіру көлемінің ұлғаю нәтижесінде мұнайға экспорттық-кедендік жағынан түскен түсімдер есебінен болып отыр. Тапшылық 883,3 млрд теңгені құрайды. Нәтижеде 2018 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 417 млрд теңгеге ұлғайып, 9 трлн 463 млрд теңгені құрайтын болады. Осы қаражат көлемінен 292 млрд теңге Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік" және "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауларын іске асыруға бағытталатын болады", — деді министр.

Министрдің ақпаратынша, мұғалімдердің жалақысын 30-дан 50 пайызға дейін көтеруге 62 млрд теңге, Назарбаев университетін одан әрі дамытуға 31 млрд теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар мүгедектердің күтімін жүзеге асыратындарға жаңа жәрдемақы төлеуге 2,7 млрд теңгені бағытталмақ.

"Екінші блок – экономикалық нақты сектор мен аумақтарды дамытуға 115 млрд теңге бағыттау ұсынылады. Оның ішінде ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша 31 млрд теңге бағытталады. Киберқылмыспен күрес шараларына 71 млрд теңге бөлу ұсынылған", — деді Сұлтанов.

Сонымен қатар, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында іс-шараларды іске асыруға және үшінші, төртінші бастамалар бойынша 25 млрд теге бағыттау ұсынылып отыр. Білім беру гранттарын ұлғайту бойынша 5 млрд теңге бөлінбек. Ал төртінші бастама бойынша микрокредиттеуді 60 млрд теңгеге жеткізу мақсатында қосымша 20 млрд теңге қарастырылып отыр.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын тез арада Парламент қарауына енгізуді тапсырды.