Министр табысы 92 мың теңгеден аспайтындар үшін жағымды жаңалық болатынын айтты

0
1 110

Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады.


Министр табысы 92 мың теңгеден аспайтындар үшін жағымды жаңалық болатынын айтты

ERNUR.KZ. Табысы 92 мың теңгеден аспайтын азаматтар "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктерден кредиттік баспана ала алады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында белгілі болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Табысы 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі азаматтарға (92 мың теңге) "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік баспанасын алу мүмкіндігі беріледі", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында.
Министр елімізде тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізілетінін атап өтті. Оның басты айқындаушы факторы халықтың табысы болмақ.
"Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға (29,7 мың теңге) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана ұсынылады. Олар жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және тағы басқалары", - деді ол.
Ведомство басшысының айтуынша, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бұрынғысынша табысы 59 мың теңгеге дейінгі қазақстандықтарға қолжетімді болады. Бағдарламаға көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар қатыса алады.
Ал табысы 92 мың теңгеден асатын азаматтарға "7-20-25" бағдарламасы ұсынылады. Табысы 148,5 мың теңгеден асатын адамдар ұлттық банктің "Баспана-хит", Қазақстан ипотекалық компаниясының "Орда", тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Өз үйім" бағдарламалары арқылы жаңа және қолданыстағы пәтерлерді сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
"Баспана алудың ашықтығы мен бірыңғай жүйелік есепке алуды қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы енгізіліп жатыр", - деді Атамқұлов.
База деректері кезекте тұрғандар арасында баспананың қолжетімділігін анықтау үшін пайдаланылады.
Айта кетсек, бүгін үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жобасын мақұлдады.
Жобаға мынадай бес міндет кірді:
- бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру;
- халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету;
- тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту;
- тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және қайта жаңарту;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру.