Министр Ұлттық қордан түсетін трансферт неге ұлғайғанын түсіндірді

0
533

Қазір Ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар.


Министр Ұлттық қордан түсетін трансферт неге ұлғайғанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің Ұлттық қордан аударылатын трансфертті неліктен бірден 1,6 триллион теңгеге арттыруды жоспарлап отырғанын түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Біз Мемлекет басшысының қаңтар айының басында берген тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ түрлі бағдарламалық құжаттарға ақша аламыз. Ұлттық қор басқалармен қатар контрциклдік бюджетті жүргізудің құралы.
Ұлттық қордың бірнеше функциялары бар: жинақ, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы. Бұл процесс қалыпты. Бұл контрциклді бюджет саясатының бір бөлігі", - деді Қуантыров.

Оның айтуынша, мұнай бағасының қымбаттауы мен доллар бағамының жоғары болуына байланысты Ұлттық қорға қосымша кіріс түседі деп күтіліп отыр.

"Қазір Ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар", - деді министр.