Министрлік бүлік кезінде жоғалғандар жайлы ақпарат жинайтын сайтқа түсініктеме берді

0
954

Ақпарат министрлігі қазақстандықтарды тек шынайы және ресми ақпаратқа сенуге шақырды.


Министрлік бүлік кезінде жоғалғандар жайлы ақпарат жинайтын сайтқа түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде хабар-ошарсыз кеткендер жайлы ақпарат жинайтын izsizqantar.com сайты Қазақстанда тіркелмеген, деп хабарлайды sputnik.kz.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та қаңтар айының басындағы тәртіпсіздіктер кезінде із-түссіз жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар жайлы ақпарат жинайтын сайт іске қосылғаны хабарланды. Сайт адамдардың жеке деректерін сұратады. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейтіні көрсетілген.

Ақпарат және даму министрлігі Sputnik Қазақстанға осы сайтқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство сайт Қазақстанда тіркелмегенін атап өтті.

"izsizqantar сайты Қазақстанда тіркелмеген және ресми ақпараттың интернет-ресурсы емес. Шынайы және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", -делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 4 қаңтардан бастап 22 адам хабар-ошарсыз кеткені хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылған. Қалған 7 адамның қайда екені анықталып жатыр.