Министрлік қалалар неге ашылмай жатқанын түсіндірді

0
638

Қалалар арасындағы авиарейстердің саны неге артқаны белгілі болды.


Министрлік қалалар неге ашылмай жатқанын түсіндірді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан қалалары арасында қатынауға неге тыйым салынғанын түсіндірді, деп жазады тengrinews.kz.

"Бүгінгі таңда қалалар арасында әлі де блокбекеттер тұр, сондықтан облыстар мен өңірлер арасында қозғалуға тыйым салынған. Әзірге блокбекеттерді алмаймыз, себебі аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай әртүрлі. Шымкентте және Атырау облысында карантин шараларын жеңілдету және блокбекеттерді алып тастау салдары өсімге әкелуі мүмкін", - деді ол.

Сондай-ақ, ол қалалар арасындағы авиарейстердің саны неге артқанын түсіндірді.

"Әуе сапары қысқа уақыт алады. Қауіп көп емес. Ал бір өңірден халықтың жаппай қозғалуы қауіпті. Дегенмен ұшақты көп адам қолданбайды", - деді Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, қалаларды ашу мәселесі әлі талқыланбайды.

"Сол адамдар өңірлер арасында көлікпен қозғала бастайды, бірақ жүргізушінің қай жерде, кіммен байланысқанын ешкім білмейді ғой", - деп толықтырды Сұлтанғазиев.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған 6440 адам тіркелген, 3256 адам сауығып шықты, 34 адам қайтыс болды.