Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

0
707

Барлық адамды іздеп тапқан соң олармен жұмыс жүргізіледі, денсаулығы тексеріліп, қажетті сараптамалар алынады.


Министрлік коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр, деп жазады тengrinews.kz.

"Қазір біздің мақсатымыз - бортта болған адамдардың барлығын іздеп табу, олармен байланысты болғандарды оқшаулап, бақылауға алу. Қажет іс-шаралар жүріп жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

"Барлық адамды іздеп тапқан соң олармен жұмыс жүргізіледі, денсаулығы тексеріліп, қажетті сараптамалар алынады", - деді Біртанов.