Министрлік сайлау күні аспандағы бұлтты көшіру туралы ұсыныс алды

0
1 756

Энергетика министрлігіне журналистер тарапынан сайлау күні аспандағы бұлтты көшіру туралы ұсыныс айтылды.


Министрлік сайлау күні аспандағы бұлтты көшіру туралы ұсыныс алды

ERNUR.KZ.Энергетика министрлігіне сайлау күні аспандағы бұлтты көшіру туралы ұсыныс айтылды, деп жазады Stan.kz.

"Мынаған қалай жауап берсем болады? Аузыма сөз түсер емес тегі", - деп жазады министрліктің баспасөз хатшысы журналистермен сөйлескен жазбасын жүктей отыра.

"Сәлеметсіз бе? Сайлау күні ауа райы қолайсыз болады. Сондықтан бұлтты көшіресіздер ме әлде қалай болады? Егер нөсер жаңбыр жауса, қандай шаралар қабылдайсыздар? Халық ауа райына байланысты сайлауға бара алмай қалуы мүмкін" - деп сұрады журналист.

"Қандай шара жасай аламыз?" деп сауал қояды Нұрлыбек Жеңісбек.

"Оны басқа ведомствалармен шешуге болады", - деп жазылған жауапта.

Желі қолданушылары мұның соңын әзлге айналдырды.

"Аспандағы канцелярияға өтініш жазу керек шығар", - дейді желі қолданушысы.