"Мисс" мұғалім: Қазақстанның ең сұлу аруы оқушыларын көрсетті

0
2 252

Мистің мұғалім болғаны қарапайым халықты таңғалдырған.


ERNUR.KZ. Қазақстан аруы атанған Әлфия Ерсайын мамандығы бойынша жұмысқа кірісіп, оқушыларын көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Еліміздің ең бірінші сұлуы әлеуметтік желідегі парақшасында мектептегі ұстаздық қызметке көшкенін жазып, оқушыларының суретін жүктеді. Мистің мұғалім болғаны қарапайым халықты таңғалдырғанын жасыра алмады ару. Оның айтуынша, мектепте қазақ аруын көргісі келгендердің қарасы көп болған.

"Соңғы қоңырауға" дейін мектептегі суреттермен бөлісіп отыратын боламын. Бұл менің 2 "е" сыныбындағы оқушыларым. Сурет үзіліс уақытында жасалғандықтан қыз көп. Ұлдар қоңырауға шығып кеткен болатын. Мектепке Мисс мұғалім келді дегенді естіді-ау бәрі. Таңертеңнен бері сыныптың есігін қағып, мені сұраушылар көп болды. Үзіліс уақытында да, дәліз бойында көріп, суретке түсуді өтінгендер де кездесті", - дейді Әлфия.

Әр күнін ерекше өткізуге тырысатын Әлфия оқушыларымен алдағы уақытта ұйымдастыратын шаралардың жоспарын бөлісіп, оқырмандарын мектептегі жасалатын жұмыстардан хабардан етіп отыратынын жеткізді.

"Бүгінгі күн кешегімен салыстырғанда көңілді өтті. Оқушылармен тағы бір табан жақындасып, бір-бірімізге бауыр басып қалып жатырмыз. Енді жоспарымыз "1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесіне тәрбие шарасын өткізу", - деп жазды Әлфия Ерсайын.