"Миы шайқалған": Мектептегі тағы бір әлімжеттік видеоға түсіп қалды

0
445

Жоғары сынып оқушылары бесінші сынып оқушысын соққыға жыққан.


ERNUR.KZ. Алматы облысының Талғар ауданындағы білім беру мекемелерінің бірінде оқушының соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалды, деп жазады exk.kz.

Видео авторы оқиға 20 қаңтарда Талғар ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында болғанын баяндаған.

"№34 мектепте жоғары сынып оқушылары бесінші сынып оқушысын соққыға жыққан. Олар алдымен мектепте, сосын көшеде ұрған. Директор, оқу ісінің меңгерушісі жедел жәрдем мен полицияны шақырмаған. Баланың анасы оны ауруханаға өзі алып барған", - дейді автор.



Ол мұндай жағдайдың бірінші рет емес, қайталанып жатқанын айтқан. Анасы үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр дейді.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы Әбідғұлов атындағы №34 мектептің 5-6-сынып оқушылары арасында төбелес болғанын мәлім етті.

Жарақат алған баланың анасы полицияға арыз жазды. Қазір бала миы шайқалған деген диагнозбен облыстық балалар ауруханасында жатыр. Іс Талғар ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясының қарауына жіберілді, - дейді әкімдікітің баспасөз қызметіндегілер.