Мобилизациядан қашқан ресейлік Қазақстан шекарасындағы қоршаудан секіріп кірген

0
452

сот оны 5 жыл мерзімге Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарды.


Мобилизациядан қашқан ресейлік Қазақстан шекарасындағы қоршаудан секіріп кірген

ERNUR.KZ. Татарстандағы ауылдардың бірінің тұрғыны мобилизациядан қашуға бел буып, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Бұл үшін ол шартты түрде бас бостандығынан айырылып, 5 жылға елден қуылды, деп жазады zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, 33 жастағы ресейлік азаматтың Қазақстан-Ресей шекарасындағы қоршаулардан асып, сол арқылы басқа мемлекеттің аумағына заңсыз өтіп кеткені белгілі болды.

Сотталушының өзі сотта Қазақстанда ішінара мобилизацияны күткісі келетінін мойындады. Бірақ ол ресми түрде шекарадан өте алмаған, өйткені оған шығуға тыйым салынды, делінген мәтінде.

Нәтижесінде Мәртөк аудандық соты Ресей азаматын шартты түрде, пробациялық бақылаусыз 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сонымен қатар сот оны 5 жыл мерзімге Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарды.

21 қыркүйекте Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация туралы хабарлады.