​Мойынқұмда өз бетінше алтын қазбақ болған азамат ұсталды

0
1 346

Алтын Ұланбел ауылынан 300 шақырым жердегі қараусыз қалған әскери ғимараттың ішінен тауып алынған.


​Мойынқұмда өз бетінше алтын қазбақ болған азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында жарылғыш затты заңсыз тасымалдаған азамат құрықталды. Аталған оқиға арнайы рейдтік іс-шара кезінде анықталған, деп жазады ҚазАқпарат. облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 ақпан күні рейд кезінде Бірлік - Мойынқұм-Ұланбел автожолының 98-шақырымында «Toyota Land Cruiser 80» автокөлігі тоқтатылды. Мойынқұм ауылының 38 жастағы тұрғынының көлігін тексеру кезінде багажынан 15 пакетке салынған «аммонит» жарылғыш заты және 17 капсула мен алты орама сым табылып, тәркіленді», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ұсталған азаматтың айтуынша, жарылғыш затты ол Ұланбел ауылынан 300 шақырым жердегі қараусыз қалған әскери ғимараттың ішінен тауып алған. Бұл затты ол Мойынқұм қойнауынан алтын кенін өндіру кезінде жарылыс жасау үшін пайдаланбақ болған.

Айыпты өз кінәсін толық мойындап, жарылғыш заттарды сатып алуға және тасымалдауға заңмен тыйым салынғанынан хабардар екенін жеткізді. Бүгінде аталған факті бойынша сот жарылыс-техникалық сараптамасы тағайындалған. ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Айта кетейік, аталған бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.