Мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды

0
881

Қарағанды облысында соңғы екі тәулікте мотоцикл соқтығысы екі рет орын алған.


Мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының жолдарында мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды, деп жазады inform.kz.

«Қарағанды-Абай» автожолында Ақтас кентінен шыға берер жолда «KAWASAKI Ex500d» мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі рулге ие бола алмай, қарсы бағыттағы «BMW» көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды.

Сондай-ақ, 6 мамырда Шахтинск қаласында «Volkswagen Golf» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі «RACER» мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған.

Екі дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.