Өмірзақ Шөкеев бірыңғай аграрлық салық енгізуді ұсынды

0
1 371

Бұл біздің ұсыныс. Бізге салық салуды жеңілдету керек. Салықтың көп түрі бар. Бірақ, шын мәнісінде ауыл шаруашылығынан бюджетке салық аз түседі.


 Өмірзақ Шөкеев бірыңғай аграрлық салық енгізуді ұсынды

ҚР премьер-министрінің орынбасары және ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев министрліктің аграрлық салық енгізуге қатысты ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл біздің ұсыныс. Бізге салық салуды жеңілдету керек. Салықтың көп түрі бар. Бірақ, шын мәнісінде ауыл шаруашылығынан бюджетке салық аз түседі. Егер біз, мәселен, жердің пайдаланылатын аумағына байланған бір ғана түсінікті салықты енгізсек, онда салық та көбірек түседі, әкімшілеу де жеңілдейді", - деді Шөкеев парламент кулуарында.

Ол министрліктер мен қаржыгерлерден біраз ұсыныс келіп түскенін айтты.

"Біз барлығын талқылаймыз. Қазір олар мәжілісте талқыланып жатқан заңнамаға өзгерістер енгізу туралы жобаға енгізілген. Біз 400-ден аса түзету енгіздік. Күзде парламентте қабылдаймыз деген үміттемін,"- деді министр.