​МСҚ жыл басынан бері тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге бөлді

0
1 100

Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Ботагөз Жақселекова хабарлады.


​МСҚ жыл басынан бері тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге бөлді

ERNUR.KZ.«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 444,6 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Ботагөз Жақселекова хабарлады.

Айтуынша, 3 тамызға дейін МСҚ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына 444,6 млрд теңге аударды.

«Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 63 пайызы», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 708,6 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1352 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 603-і - жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 138-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 102,4 млрд теңгені құрады.