Мұғалімдер аттестациядан өтуге құжат жинамайтын болады – Бейсембаев

0
1 559

Жоспарланған жаңа өзгеріс Педагог қызметінің жоғары кәсібилігі мен жетістігін оқушылардың нәтижелі көрсеткіштерімен тікелей байланыстыруға басымдық беріледі.


Мұғалімдер аттестациядан өтуге құжат жинамайтын болады – Бейсембаев

ERNUR.KZ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады baq.kz.

Мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау аттестаттау арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі қолданыстағы ережелерге сай аттестаттау рәсімі 3 кезеңнен тұрады - біліктілікті бағалау, қызмет нәтижелерін кешенді талдау, білімді бағалау, – деді ол.

Оның мәлімдеуінше, аттестаудағы негізгі мәселелер – бұл педагогтердің электронды және қағаз нұсқада жинайтын құжаттарының көптігі, аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарау уақытының ұзақтығы, тест тапсырмаларының сапасы. Мұны жіті зерттеп сапалы шешу үшін министрлік жанынан білім саласының сарапшыларынан жасақталған жұмысшы тобы құрылғанын айтты.

Аттестаттау процесін автоматтандыру қолға алынды. Қарапайым тілмен айтқанда аттестация жүйесі «бір батырма» принципімен жүргізілетін болады. Яғни, мұғалім тек аттестациядан өтуге ниет білдіргенін растайды, ал аттестациядан өтушінің жеке құжаттары және оның біліктілігінің деңгейін анықтайтын тиісті материалдарды ақпарттық жүйе өзі автоматты түрде жинақтап, талдап, қысқа уақыттың ішінде қорытындысын шығарады. Бұл адами факторды толықтай шектеп, объективтілік пен транспаренттікті орнатуға ықпал етеді, – деді Ғани Бейсембаев.

Бейсембаевтың айтуынша, жоспарланған жаңа өзгеріс Педагог қызметінің жоғары кәсібилігі мен жетістігін оқушылардың нәтижелі көрсеткіштерімен тікелей байланыстыруға басымдық беріледі.

Педагогтердің аттестациядан өту аралық мерзіміне сәйкес зейнеткерлік жасқа дейін 5 жыл қалған педагогтерді, егер олар жұмысын әрі қарай жалғастырмайтын жағдайда, аттестаттау рәсімінен босату қарастырылуда, – деді Оқу-ағарту министрінің м.а.