Мұғалімдер қашықтан оқыту әдістерін меңгеруге міндеттеледі

0
796

Қазақстандық мұғалімдер арнайы курстан өтеді.


Мұғалімдер қашықтан оқыту әдістерін меңгеруге міндеттеледі

ERNUR.KZ. Қазақстандағы оқытушылары қашықтан оқыту әдістерін игеруге міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қашықтан оқыту бойынша тиісті курстарды өткізетін боламыз. Ондай курстар дайындалып жатыр. Бағдарламадардың бірнеше нұсқаларын қарап шықтым. Бұл тұрғыда тиісті жұмыстарды атқарудамыз», - деді А. Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта ғылыми қадамдар ескерілуі тиіс.

«Осы бағытта жан-жақты болуға екпін қойылады, оның ішінде IT-компетенциялар, балаларды оқыту әдістері қамтылады. Яғни, қашықтан оқыту жүйесі арқылы білім беру мен жұмыс істеудің мән-жайына басымдық беріледі», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бұл компетенциялар арнайы курстарда қамталады. Кейіннен оның барлығы біліктілікті арттыру аясында педагогтарға оқытылады.

«Мұнымен қоса, жоғары оқу орындарын даярлау аясында осы жүйе бойынша қашықтан оқыту бойынша міндетті модульді енгізетінімізді ректорларға хабарладық. Болашақ педагогтар университетте бұл технологияларды меңгеруі тиіс», - деді ведомство басшысы.