Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жолдар жасалады

0
2 917

Қазір қала көшелеріне талдау жасалып, қай жерлерге осындай жолдар қажет екені анықталып жатыр.


Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жолдар жасалады

Өскеменнің көшелеріне мүмкіндігі шектеулі жандардың жолда жүрулеріне ыңғайлы жолақтар қойылатын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, мұндай жолдар әзірге бір көшеде ғана орналасады. Алдағы уақытта олардың саны артатын болады. Қазір қала көшелеріне талдау жасалып, қай жерлерге осындай жолдар қажет екені анықталып жатыр.

Әзірге Крылов және Протозанов көшелерінің қиылысында сары түсті жолақтар қойылды. Анықталғандай, бұл көздері көрмейтін жандарға арналған тактильді плиткалар.

Өткен жылы жаяу жүргішілерге арналған жолдар ақ-сары жолақтармен боялып, көптеген жол белгілері мен көшелердің атаулары Брайль алфавитімен, яғни зағипатарға арналған шрифтпен жабдықталған болатын.