Мусиннің тексерісінен кейін ХҚКО басшысы жұмысынан босатылды

0
597

Бұл туралы министр Сенат кулуарында айтты.


Мусиннің тексерісінен кейін ХҚКО басшысы жұмысынан босатылды

ERNUR.KZ. Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тексерісінен кейін қызметінен босатылды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы министр Сенат кулуарында айтты.
Тиісті комиссия шешім қабылдайды. Министр ретінде Азаматтарға арналған үкіметке, яғни осы үдерістердің барлығымен айналысатын компанияға барлық қажетті шараны қабылдауды ұсындым. Мен тәжірибелік сынақпен барған Арнайы орталықта басшы орнынан ауыстырылып, жаңасы тағайындалып үлгерді, - деді ол.

Мусин департамент мұндай проблемалармен қалай күресуі керегін айтты.

Әрине, мұндай фактілердің жолын кесу керек. Өйткені біздің басты міндетіміз – мемлекеттік қызметтерді тек жылдам емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы форматта көрсетуді қамтамасыз ету.

Министр осындай жемқорлық фактілері туындамас үшін биометрия және емтихан тапсырушыны бақылау сияқты технологиялық инновацияларды енгізілетінін айтты.

Технология, яғни биометрия, иә, бұл Мусин Бағдат, ол сынақтан өтті, ол компьютерде отырды және оны қанша минутта тапсырды, ешқайда ауытқымады, ұялы телефонына қарамады, т.б. айтады. Санмен айтар болсақ, бүгінде Нұр-Сұлтан арнайы мамандандырылған орталығында жүргізуші куәлігін беру 90%-ға азайған.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы мамандандырылған ХҚКО-да болып, өз көзімен сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтағанын жазған болатынбыз.