Мұз үстінде көлікпен "сырғанаған" жүргізуші іздестіріліп жатыр

0
1 334

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Мұз үстінде көлікпен

ERNUR.KZ. Атырау полицейлері мұз болған Жайық өзенінде көлік жүргізген адамды іздестіріп жатыр, - деп жазады tengrinews.

Белгісіз жүргізуші қара түсті белгісіз маркалы көлікпен екінші күн қатарынан мұз үстінде жүргенін куәгерлер көрген.

Атырау полицейлері қала тұрғындарынан көліктің маркасы мен нөмірін "102" нөміріне хабарлауды сұрайды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.



Қазіргі уақытта жедел әрекет ету орталығының мамандары жүргізушіні бейнебақылау камералары арқылы іздестіріп жатыр.