Мысырдан келген қазақстандық азаматтан коронавирус анықталды

0
2 054

Ол 6 қаңтарда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келген.


Мысырдан келген қазақстандық азаматтан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. 7 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 15 халықаралық әуе рейспен 1 904 жолаушы келді. Шет елдерден келген 1 629 жолаушыда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, 275 азаматта тиісті анықтама болмаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның ішінде:

  • Алматы әуежайына – 6 рейс (1 090 жолаушы, анықтамамен - 923, анықтамасыз – 167);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (644 жолаушы, анықтамамен - 536; анықтамасыз – 108);
  • Қарағанды әуежайына – 2 рейс (9 жолаушы анықтамамен келген);
  • Атырау әуежайына – 1 рейс (88 жолаушы анықтамамен келген);
  • Орал әуежайына – 1 рейс (73 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-тестен өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 6 қаңтарда шет елдерден ПТР-анықтамасыз келген 299 қазақстандық жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды. Ол Нұр-Сұлтанға Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) ұшып келген.