Мәжілісте ЖОО академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері талқыланды

0
1 067

Еңбек кодексіне және тағы үш Заңға жоғары оқу орындарының қызмет нәтижелерін, мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында түзетулер енгізілген.


Мәжілісте ЖОО академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері талқыланды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері талқыланды,деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары осы заң жобасымен жұмыс барысында бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер әзірлеп, енгізген. Ол Елбасымыз ұсынған бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру мақсатында, нақтырақ айтқанда, үшінші бастамада айтылған «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» жағдайыны ауқымды жүзеге асыруды көздейді.

Мәселен, 75 мың орынды жаңа жатақханалармен қамтамасыз ету үшін - депутаттар студенттерді жатақханаларда орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және жатақхана құрлысын инвестициялық басым жоба ретінде анықтауды ұсынды. Олардың барлығының нақты есебі жасалып, тиісті мемлекеттік органдармен жан-жақты пысықталған.

Жалпы алғанда, Еңбек кодексіне және тағы үш Заңға жоғары оқу орындарының қызмет нәтижелерін, мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында түзетулер енгізілген.