Нан бағасын негізсіз көтергендерді тексереміз – министр

0
932

Министрлік қызметкерлері аптасына бір - екі рет дүкендердің бәрін аралып шығады.


Нан бағасын негізсіз көтергендерді тексереміз – министр

ERNUR.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елімізде нан бағасы қатаң бақылауға алынғанын айтты, деп жазады baq.kz.

«Біздің барлық облыстық әкімшіліктер нан бағасын қадағалап отырады. Күнде барлық дүкендер бақыланады. Ал Астанадағы нан бағасын біз өзіміз осы министрлік тарапынан қарап отырамыз. Біздің адамдарымыз аптасына бір - екі рет дүкендердің бәрін аралып шығып, көріп отырады. Сондықтан жаңағыдай хабарламалар (әлеуметтік желіде нанның қымбаттайтыны жайлы түрлі мәлімет - авт.) болып, нан бағасын негізсіз көтеріп жатқандар болса, құзыретті органдар бұны өздері барып тексереді», - деді Сапархан Омаров Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі «нанның бағасы шарықтап кетеді деген әңгіме негізсіз» деп айтқан болатын.