Нәрестелерді перезентханадан ұлттық киіммен шығарып жатыр

0
724

Тарбағатай аудандық ауруханасында да дәрігерлер кішкентай бөпелерге ұлттық киім сыйлады.


Нәрестелерді перезентханадан ұлттық киіммен шығарып жатыр

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мейрамы қарсаңында осындай дәстүр қалыптасып отыр. Онда жаңа туған сәбилерді перзентханадан ұлттық нақыштағы киіммен шығарып салуда деп жазады Ulysmedia.kz.

Міне аудандық ауруханаларда бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан мерекелік шарада, бұл жолы, Аягөз ауданаралық ауруханасынан алғашқы 10 бала анасының құшағында үйге сән-салтанатпен жолданған.

«Сонымен қатар, жақында біз, айдың басында дүниеге келген егізді ауруханадан шығардық. Салмағы аз демесек, 1 200-1 300 грамм, олардың дені сау. Күтімнің арқасында нәрестелер салмақ жинап, толық қызмет көлемін көрсеттік», — дейді бас дәрігер Шалқар Омаров.

Тарбағатай аудандық ауруханасында да дәрігерлер кішкентай бөпелерге ұлттық киім сыйлады.