NASA Мақтааралдағы су тасқынына дейінгі және кейінгі жағдайды көрсетті

0
926

Фотосуреттер 22 сәуір мен 8 мамырда Landsat 8 спутнигінің көмегімен түсірілген.


NASA Мақтааралдағы су тасқынына дейінгі және кейінгі жағдайды көрсетті

ERNUR.KZ. Ғарышты зерттеу бойынша америкалық NASA ұлттық агенттігі Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданы мен Өзбекстан аумағының спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Онда Сардоба су қоймасы жарылғанға дейінгі және кейінгі жағдай көрсетілген, еп жазады Tengrinews.kz.

Фотосуреттер 22 сәуір мен 8 мамырда Landsat 8 спутнигінің көмегімен түсірілген.


8 мамырда түсірілген суреттерден судың қай жерге дейін барғанын және су қоймасының қазіргі жағдайын көруге болады.



Келесі суретте жартылай бос су қоймасы көрсетілген. Қоймадан аққан су спутник суретке түсіріп жатқан кездерде тоқтаған. Бірақ судың қай бағытқа аққанын көруге болады.




Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.