Науқас адаммен байланысқа түспеген: Павлодарлық әйел үйінде отырып, коронавирус жұқтырып алды

0
589

14 сәуір күні COVID-2019-ға алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті.


Науқас адаммен байланысқа түспеген: Павлодарлық әйел үйінде отырып, коронавирус жұқтырып алды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болмаған әйел індетке ашлдыққан, деп хабарлайды ktk.kz.

Сырқаттанған әйел - 1970 жылы туған Павлодар тұрғыны. 10 сәуір күні жедел жәрдем бригадасы жеке қорғану құралдын қолдану арқылы, ЖРВИ белгілері бар әйел адамды уақытша госпиталге жеткізді. COVID-19-ға алынған тест теріс нәтиже көрсетті. Науқасқа өкпе қабынуы диагнозы қойылды. Емдеу хаттамасына сәйкес, өкпе қабынуы бар науқастардан 3-ші тәуліктен кейін қайта анализ алынады. 14 сәуір күні COVID-2019-ға алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті.

Әйел адамның сөзі бойынша, ол ешқайда шықпаған және коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болмаған. Онымен қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталды, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жасалуда. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.