Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

0
569

Биылғы екінші ҰБТ 14-30 наурыз аралығында өтеді.


Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

ERNUR.KZ. 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында ақылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылданады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, биылғы екінші ҰБТ 14-30 наурыз аралығында өтеді.

ҰБТ-ға келесі азаматтар қатыса алады:

  • мектептің 11 (12) сынып оқушылары;
  • мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің биылғы түлектері;
  • ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер;
  • шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматына жатпайтын, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар.
"ҰБТ тапсыру құны – 4 230 теңге. Қатысушылар тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өз еркімен таңдайды", – делінген ҰТО хабарламасында.

Еске салайық, қаңтар айында өткен ҰБТ сынағына 123 мыңға жуық талапкер қатысып, олардың орташа нәтижесі 76 баллды құрады. 102 мың талапкер шекті балл (50 балл) жинай алды. Тест тапсырушылардың 95 мыңы (77%) – қазақ тілінде, 28 мыңы (23%) – орыс тілінде, 91 түлек ағылшын тілінде тест тапсырды.