Наурыз дастарханына таласқандар елдің ашуын тудырды (видео)

0
1 552

ERNUR.KZ. Наурыз мерекесі күндері әлеуметтік желіде дастархан дәміне таласа қол созғандарды түсіріп алған бейнежазба тарады. Бейнежазбаның қай жерде нақты түсірілгені белгісіз.

Видеода Ұлыс күніне орай жайылған дастарханнан жапа-тармағай дәм татып жатқандар анық байқалады. Тіпті, таласып жатқандар да бар. Оны сырттай байқап тұрғандар ұят екенін айтуда. «Ыдысты қалдырыңдар» деп өзара дауласқандардың да дауысы жазылған.

Бұл видео әлеуметтік желіге тарай салысымен көптің ашуын тудырып, намысын оятты. Желі қолданушылары "Мұнша таласқаны несі? Аш па?", "Жабайылық нағыз. Тіпті үлкен кісілер де жүр. Ұят емес пе?", "Шетелдіктер көрсе қазақ халқы қайыршы дейді", "Қай облыс, қай қала болса да тамаққа таласатындай бастарына не күн туды? Қанағат қайда қалды? Масқара ғой", "Намысты қазақ деген атымыздан түк қалмай барады" деп пікір қалдырысқан.

Аталған оқиғаның нақты қай жерде болғаны белгісіз. Желі қолданушылар бірі Алматы десе, екіншісі Шымкент дескен. Бірақ видеода нақты айтылмайды.

Видео әлеуметтік желіден алынды