Наурызда ауа райы қандай болады

0
1 589

Синоптиктер ақпанның соңы мен наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты.


Наурызда ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігінде наурыздың басында күн жылы болады, бірақ жауын-шашын көп жауады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазгидромет орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, ақпанның үшінші онкүндігінің ортасынан бастап атлантикалық циклондар Қазақстан аумағы арқылы өтеді, соның әсерінен кей жерде қалың қар түседі. Оңтүстікте жаңбырдың соңы қарға ұласады. Тұман, көктайғақ, қарлы боран болып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Түнде еліміздің батыс, солтүстік-батысында ауа температурасы -5 , +3 градус болады, ал күндіз минус бес градустан плюс сегіз градусқа дейін жылы.
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймағында түнде -15°C аяз болады, күндіз ауа температурасы -10°C-тан +3°C-қа өзгереді.
Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -8-ге дейін түседі, күндіз плюс 15 градусқа дейін көтеріледі.
Қазгидромет орталығы мамандары наурыздың алғашқы онкүндігінде Солтүстік Қазақстанда қар жауып, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін екенін айтады. Күндіз ауа температурасы -5 градустан +5 градусқа дейін құбылып тұрады, ал түнде он градус аяз болады.
Қазақстанның оңтүстігінде көктемнің алғашқы күндері жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін көтеріліп, түнде нөлден плюс сегіз градусқа дейін жылы болады.
"Алайда кей күні Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда сынап бағанасы түнде 17 градусқа дейін түсуі мүмкін. Ал еліміздің оңтүстігі мен батысында -10°C аяз болады", - деп ескертті Қазгидромет.
Мамандардың айтуынша, наурыз жылы болады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы климаттық нормаға жақын.