Наурызда жоғалып кеткен зейнеткердің денесі орманнан табылды

0
1 019

Үйінен 26 шақырым жерде орналасқан омартасын көріп келемін деген екен. Бірақ 1 сәуір күні оның сол бойы омартаға жетпегені анықталады.


Наурызда жоғалып кеткен зейнеткердің денесі орманнан табылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауылының тұрғыны 78 жасар Александр Фомичев 31 наурыз күні үйінен шығып кетеді. Үйінен 26 шақырым жерде орналасқан омартасын көріп келемін деген екен. Бірақ 1 сәуір күні оның сол бойы омартаға жетпегені анықталады.

Бесінші сәуірден басталған іздеу жұмыстарына зейнеткердің туыстарымен қатар жергілікті полиция мен ТЖ бойынша департаменттің өкілдері де қатысты. Бірақ ол ұзақ уақыт еш нәтиже бермеді.

Аltaynews.kz сайтының хабарлауынша, тек 12 мамырда ғана Фомичевтің денесін орман жиегінен полиция капитаны Дәурен Апижанов тауып алады. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, қарт адам далада үсіп қалған екен. Ол жолға шыққан күні ауа-райы аяздатып тұрған деседі.