Наурыздан бері Қазақстан Қытайдан 3 млрд теңгеге 696 мың ПТР-тест сатып алған

0
580

Үкімет тағы да 1,2 млн дана тест сатып алуды жоспарлап отыр.


Наурыздан бері Қазақстан Қытайдан 3 млрд теңгеге 696 мың ПТР-тест сатып алған

ERNUR.KZ. Наурыздан бері Қазақстан Қытай Халық Республикасынан 3 млрд теңгеге коронавирус инфекциясын анықтайтын 700 мыңға жуық ПТР-тест сатып алған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2020 жылдың наурыз айынан бері Қытайдан 3 млрд теңгеге 696 мың тест алынды. Сол уақыттан бері Қазақстан бойынша 1 млн 700 мың зерттеу жасалды. Оның 971 мың зерттеуі Ұлттық сараптама орталығында, қалғаны жеке медициналық ұйымдар мен медициналық ұйымдардың зертханаларында тіркелген», - дейді Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ комитет басшысы Үкімет алдағы уақытта өз резервінен тағы да 1,2 млн дана тест сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты. Бірақ, ол үшін Үкімет резервінен қанша қаражат бөлінетінін нақтылаған жоқ.