Назарбаев Алматыға көшіп келушілерге жер беруді тапсырды

0
1 782

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жұмыс сапарымен барды.


Назарбаев Алматыға көшіп келушілерге жер беруді тапсырды

фото:ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жұмыс сапарымен барды, деп жазады sputniknews.kz.

Шаһарда көктемнен бері инфрақұрылымды қайта жаңғырту жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр. Қала әкімі мемлекет басшысын жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін ыңғайлы жасалған Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарын аралап көрсетті.

Президентке жалпы ұзындығы 8,7 шақырымға созылған BRT, яғни қоғамдық көліктердің жылдам қозғалу желісі де таныстырылды. Алғаш болып Алматыда қолға алынған бұл жоба "Орбита" ықшам ауданы мен Ахмет Байтұрсынұлы көшелерінің арасын жалғайды. Енді қаланың бас жоспарын бір жерден реттеп отыратын орталық жұмыс істемек. Ол мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

"Канада, Австралия, Мексика сияқты дамыған елдерде урбанизация 80 пайызға жеткен. Біздің елде ол 57 пайызға жетті. Ауыл халқы ірі қалаларға әлі де келеді. Сондықтан осыған дайын болуымыз керек. Алматы, Астана және Шымкент сияқты қалалардың ішінде орын жоқ. Сондықтан сыртқы жағын дамытуға мән берген дұрыс. Көлік, жаяу жүргіншілер жолынан бөлек, үй салуға жерлер берілуі тиіс", - деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев.