Елбасы бір ауыз сөз орысша білмеген Шөкеевтің Түркістанды аяққа тұрғызатынын айтты

0
4 048

Шөкеевтің бір ауыз орысша сөз білмесе де Мәскеуге оқуға барып, қызыл дипломмен оралғанын айтып өтті.


Елбасы бір ауыз сөз орысша білмеген Шөкеевтің Түркістанды аяққа тұрғызатынын айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі кезінде айтты, деп жазады elitar.kz.

Съезд кезінде "STEAM" академиясының негізін қалаушы Абуталип Мутали педагогқа оқуға барғандар үшін стипендияны арттыру туралы ұсынысын айтты. Себебі бүгінгі студент, ертең өскелең ұрпаққа білім беретін мұғалімдер.

Дәл осы сәтте Елбасы "Болашақ" бағдарламасы туралы сөз қозғады.

"Болашақ" бойынша білім алғандардың басқалардан еш айырмашылығы жоқ. "Болашақ" түлектері болмаса да көптеген азаматтарымыздан мықты математиктер шықты. Мәселен, Шөкеев, орыс тілінде бір ауыз сөз білмесе де Мәскеуге оқуға барып, қызыл дипломмен оралды. Қазір ол Түркістанды аяқтан тұрғызбақ",-деді Президент.