​Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

0
1 591

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды.


​Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.