​Назарбаев Бразилияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

0
1 275

Нұрсұлтан Назарбаев Жаир Мессиас Болсонаруға Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.


​Назарбаев Бразилияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

сурет:nur.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Жаир Мессиас Болсонаруға Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Жаир Мессиас Болсонаруды Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

«Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін.

Сізге зор денсаулық және жауапты қызметіңізге мол табыс, ал достас Бразилия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.