​Назарбаев полицейлерді аттестаттаудан өткізу туралы қаулыға қол қойды

0
1 005

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


​Назарбаев полицейлерді аттестаттаудан өткізу туралы қаулыға қол қойды

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы қаулыға қол қойды, - деп жазады Ақорда баспасөз қызметі.

Бұдан ары мемлекет басшысы қаулысының мәтіні:

"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына сәйкес Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның құрамы;

3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.