​Назарбаев "Жалғыз және мәңгілік Елбасы", "Халықтың атасы" болады

0
1 032

Жаңа президенттің алғашқы шешімі – Нұрсұлтан Назарбаевты марапаттау болды.


​Назарбаев

ERNUR.KZ.Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымындағы бірінші шешімі – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "Алтын жұлдыз" айрықша белгісімен марапаттап, оған "Халык Каһарманы" атағын ұсыну болды, деп жазады Zakon.kz .

– Елбасының қалған бүкіл ғұмыры "Тұңғыш президент туралы", "Ұлт Көшбасшысы туралы" және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етіледі, барша қызметтік инфрақұрылым Елбасының иелігінде сақтала береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, жаңа президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы жалғыз және өмір-бақилық Елбасы және Халықтың атасы болып қала беретінін айтты.