Назарбаев Жапониядағы шараға фрак киіп шықты

0
845

21 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Жапония үкіметінің шақыртуымен Токиоға барды.


Назарбаев Жапониядағы шараға фрак киіп шықты

ERNUR.KZ. Тұңғыш Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібай Жапония императоры Нарухитоның интронизация шарасына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін жариялады, деп жазады тengrinews.kz.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония императоры Нарухитоның ресми интронизация салтанатты шарасына қатысып жатыр", - деп жазды Айдос Үкібай.

Шараға қатысу үшін Назарбаев қара классикалық фрак және ақ көбелек-галстук таңдаған.

Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияа қандай көлікпен жүргенін көрсетті. Айта кетейік, 21 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Жапония үкіметінің шақыртуымен Токиоға барды.

РИА Новости мәліметінше, шараға 2 мыңға жуық қонақ шақырылған, олардың ішінде 400 адам - 180 елдің мемлекет басшылары мен өкілдері.

Сәуірде Жапонияда император Акихитоның тақтан кету рәсімі өтті. Ол елді 30 жыл басқарды, бұл кезең елде Хэйсэй (бейбітшілік орнауы) деп аталады. Оның орнына ханзада Нарухито келді. Жаңа басқарушының кезеңі Рэйва деп аталады, оны "әдемілік пен гармония" деп аталады.