​Назарбаевты тағы бір жоғары лауазымға ұсынуы мүмкін

0
930

Тұңғыш президент құрметті төраға лауазымын иеленуі мүмкін


​Назарбаевты тағы бір жоғары лауазымға ұсынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақта құрметті лауазымға ие болуы мүмкін, деп жазады Sputnik.kz.

29 мамырда өтетін, одақтың бес жылдығына арналған ЕАЭО саммитінде Назарбаев оның құрметті төрағасы болып тағайындалуы мүмкін, деп жазған "Коммерсант" газеті.

Басылым мәліметіне сүйенсек, одақты құру идеясын о баста Нұрсұлтан Назарбаев ұсынғандықтан, осындай шешім қарастырылып жатыр.

Еуразиялық экономикалық одақ саммиті Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында мамырдың соңында өтеді. Оған ЕАЭО-ға мүше елдердің (Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан) президенттері қатысып, одақтың бес жыл ішіндегі жұмысын талқылайды.

Басылым жазғандай, бұл күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше назарда болады.

"ЕАЭО өкілдерінің пайымдауынша, ол одақтың құрметті төрағасы болып тағайындалады", - деп хабарлайды БАҚ.

Айта кетсек, қазір мұндай лауазым жоқ екен, сол себепті Назарбаевтың болашақ өкілеттігі қандай екені әлі белгісіз.