​Назарбаев Қазақстанның Грузиядағы елшісін тағайындады

0
1 272

ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.


​Назарбаев Қазақстанның Грузиядағы елшісін тағайындады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Мұхаметжановты Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" - делінген Ақорданың хабарламасында.