Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мұғалімді соққыға жыққан

0
1 273

​Ақтөбеде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мұғалімді соққыға жыққан, - деп хабарлайды tilshi.kz.


Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар мұғалімді соққыға жыққан

Ақтөбеде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мұғалімді соққыға жыққан, -деп хабарлайды tilshi.kz.

Алайда, оқу орны басшылығы бұл жайттың тарап кетпеуіне алаңдаушылық білдіріп отырған сыңайлы.

Аталған оқу орнының ашылғанына биыл 5 жыл толады. Мектептегі келеңсіздікке байланысты салтанатты шара кейінге шегеріліп жатқанға ұқсайды.

Облыстық білім басқармасы басшысы Ләззат Оразбаева Назарбаев Зияткерлік мектебінің басқармаға қарамайтынын айтады. Өз кезегінде, облыстық ІІД департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов НЗМ бойынша арыз түспегенін хабарлады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері оқу орнында келеңсіздік болғанын «Тілшіге» растап отыр. Әзірге, соққыға жығылған оқытушының ер немесе әйел адам екені белгісіз.