Назарбаева сотта жеңіп шықты

0
2 080

Істі қараған Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Диана Перегуданы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293 бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға шартты түрде соттады.


Назарбаева сотта жеңіп шықты

Алматы қаласы Бостандық аудандық соты қазақ қызын соққыға жыққан Ресей азаматшасы Диана Перегуданың ісі бойынша шешім шығарды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, Диана Перегуда есімді Ресей азаматшасы 2016 жылдың 27-қарашасында «Zeta» жиһаз дүкеніне Әсел Назарбаеваны соққыға жығып, балағаттап, қазақ тілі мен ұлтының намысына тиетін сөздер айтқан.

Істі қараған Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Диана Перегуданы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293 бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға шартты түрде соттады. Оған қоса, жауапкер Диана Перегуда жәбірленуші Әсел Назарбаеваға 1 миллион теңге көлемінде материалдық және моральдық шығын өтеп беретін болды.

- Ендігі мақсатымыз – алдымен Сот үкімін қолымызға алайық. Әрине, біз үкімге қанағаттанып отырмыз. Бірақ, кейін осы үкімге шағым келтіру, келтірмеу деген мәселе бар ғой. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, Диана Перегуданы Қазақстаннан депортациялау мәселесін қолға аламыз. Өйткені, ҚР территориясында қылмыс жасаған, тіпті бірнеше мәрте әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетел азаматтары депортацияланады. Заңда солай көрсетілген. Сондықтан, біз Диана Перегуданы депортациялау мәселесін міндеті түрде көтереміз, -дейді Әсел Назарбаеваның қорғаушысы, белгілі заңгер Абзал Құспан.