Неге кейбір қазақстандықтарға 42500 теңге екінші рет төленбей жатыр

0
4 257

Бүгінге дейін 4 миллион 539 мың адам әлеуметтік төлем алған, барлығы 193 миллиард теңге бағытталды


Неге кейбір қазақстандықтарға 42500 теңге екінші рет төленбей жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов не себептен кейбір қазақстандықтарға екінші рет 42500 теңге әлеуметтік төлемнің түспегені жайлы айтып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Министрдің сөзінше, бүгінгі күнге дейін 4 миллион 539 мың адам әлеуметтік төлем алған, барлығы 193 миллиард теңге бағытталды.

"Төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, олардың саны 3 миллион 735 мың адам, екінші айға да төлем алуға құқылы. Мамыр айының басынан әлеуметтік төлемді екінші рет төлеп бастадық. Демалыс алдында, 5-6 мамыр күні 2 миллионға жуық азаматтың өтінішін рәсімдеп, банктерге 99 миллиард теңге жібердік.

"Кейбір азаматтар әлеуметтік төлемді алып қойды. Алайда демалыс күндері банк жұмыс жасаған жоқ. Бірақ бүгіннен бастап өтініші рәсімделген азаматтар 42500 теңге ала бастайды", - деді министр үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.