Неміс отбасылары 164 қазақстандық баланы асырап алған

0
1 088

Қазақ балаларының басым бөлігі болашақта IT-маманы, дәрігер, дипломат, кәсіби спортшы боламын деп армандайды.


Неміс отбасылары 164 қазақстандық баланы асырап алған

ERNUR.KZ. Германияда асырап алынған қазақстандық балалардың көбі гимназияларда білім алып жүр, деп жазады 24.kz.

Яғни оқуларын тәмәмдағаннан кейін олар үшін елдегі беделді жоғарғы оқу орындарына жол ашық. Қазақ балаларының басым бөлігі болашақта IT-маманы, дәрігер, дипломат, кәсіби спортшы боламын деп армандайды.

Бүгінде неміс отбасылары 164 қазақстандық баланы асырап алған. Жырақта өмір сүріп жатқан қандастарымыз кіндік қаны тамған туған елінің тарихы мен мәдениетіне ерекше қызығушылық танытады. Тіпті жақын арада Қазақстанға да келуді мұрат етіп отыр.

Аймақта еліміздің 5 консулдық мекемесі жұмыс істейді. Аян Кашабаев, Германиядағы ҚР-ның елшілік бөлімшесінің меңгерушісі: – Қазақстаннан бала асырап алу үрдісі көбінесе 2000 жылдардың басында болды. Қазір бұл процесс айтарлықтай бәсеңдеді. Соңғы 5 жылды алатын болсақ, шетел азаматтары шамамен 10 қазақстандық баланы бауырына басқан. 2018 жылы бір бала болса, 2017 жылы мүлдем алынған жоқ. Біз екі жолмен бақылау жүргіземіз.

Жергілікті агенстволар жыл сайын есеп беріп отырады. Одан бөлек консул қызметкерлерінің өздері де әр отбасын аралап шығады. Әр баланың жеке бөлмесі бар. Онда міндетті түрде Қазақстан Республикасының туы мен кітаптары қойылады. Өзіміз де құр қол келмей, еліміз жайында естелік болатын кәдесыйларды тарту етеміз. Олар «бұл менің туым, үлкейгенде еліме барып қайтамын» деп, бір марқайып қалады.